Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↓€ 506,7↓₽ 5,40↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді – Мемлекет басшысы • «Бұл – өркениетіміздің аман қалуына қатысты мәселе»: Тоқаев экологиялық сын-қатерлер туралы айтты • Нидерланд чемпионы Шон Ниволд Қазақстанды өз үйім деп атады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді – Мемлекет басшысы • «Бұл – өркениетіміздің аман қалуына қатысты мәселе»: Тоқаев экологиялық сын-қатерлер туралы айтты • Нидерланд чемпионы Шон Ниволд Қазақстанды өз үйім деп атады •

    Түркістан облысында ер адам зейнеткерді тірідей өртеп жіберді

    Түркістан облысында ішімдік ішкен адам зейнеткер әйелді тірідей өртеп жіберген. Жантүршігерлік оқиға Шымкенттен небәрі 30 шақырым жерде орналасқан Сайрам ауданында болған, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпараттық агенттігі  otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Екі ер адамның арасында жанжал шығып, бірі екіншісін ұрып жіберген. Кейіннен соққы жегені мас күйінде өзіне жұдырық жұмсаған танысының үйіне келіп, терезесін шаққан.

    «Сол уақытта үйден  егде жастағы әйел шыққан. Мас ер адам әйелдің үстіне бензин шашып, өртеп жіберген», — делінген Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

    Жедел іздестіру шаралары барысында екі күдікті де ұсталды. Олардың біріне қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол сот шешімі арқылы кепілмен босатылды.

    «Екіншісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.Сараптама тапсырылды. қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға тұрмыстық жағдайда болған», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →