Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Челси» Дастан Сатпаевтың болашағы туралы шешім қабылдады АҚШ-та 16 баланы төрт жыл бойы үйде ұстаған отбасы ұсталды Қазақстанда 6 шілдедегі ауа райы болжамы Эрлинг Холандтың дублі: Норвегия Боазилияны жеңіп 1/4 финалға шықты Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? «Челси» Дастан Сатпаевтың болашағы туралы шешім қабылдады АҚШ-та 16 баланы төрт жыл бойы үйде ұстаған отбасы ұсталды Қазақстанда 6 шілдедегі ауа райы болжамы Эрлинг Холандтың дублі: Норвегия Боазилияны жеңіп 1/4 финалға шықты Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы?

Қазақстан ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындамайды – ҚР СІМ

Сыртқы істер министрі Тимур Сүлейменовтің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жуырдағы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy сілтеме жасап qazaq.today ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Брюссельде Сүлейменов Қазақстан Ресейге салынып жатқан санкцияларды ұстанады деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ ол Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының тәуелсіздігі туралы да пікір білдірген.

Бүгін журналистер Сыртқы істер министрінен Тимур Сүлейменовтің бұл айтқандары оның жеке ұстанымы ма, әлде жалпы Қазақстанның ұстанымы ма деген сұрақтың жауабын сұрады.

– Сүлейменовтің бұл сұхбаты ел басшылығымен келісілген бе еді, әлде оның жеке пікірі ме?

– Біріншіден, ол – ресми тұлға. Ол шетелдік басылымдардағы тілшілердің өтініші бойынша сұхбат берді.

– Яғни, келісілген, мемлекеттің ұстанымын білдіретін сұхбат қой?

– Біз дәл қазіргі уақытта Луганск Халық Республикасы сияқты, Донецк Халық Республикасының да тәуелсіздігін мойындамаймыз. Еуроодақ пен АҚШ-тың Ресейге қатысты жариялаған санкцияларының бәріне біз қосылып отырған жоқпыз, алайда біз үшін екі маңызды мәселе бар. Біріншіден, ол санкциялар Қазақстан экономикасының дамуына кері әсерін тигізбеуі керек. Екіншіден, біздің аумағымыз сол санкциялардан құтылатын елге айналмауы керек.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика