Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 18 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлемге танымал тревел блогердің Қазақстан туралы фильмі жарық көрді (ВИДЕО) Мыңдаған грант, санаулы нәтиже: Қазақстан ғылымы неге өндіріске жете алмай отыр? Диплом алып, жұмыссыз қалмау үшін: колледждер жұмыс берушілерге қажет мамандарды даярлайды Павлодар облысында прокуратура қызметкері әйелді қағып кетті: отбасы тергеуге күмән келтірді Инфантиноны сынаған FIFA басшыларының бірі қызметінен кетті Оқушылар сабақ кезінде телефондарын қайда қояды? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді Әлемге танымал тревел блогердің Қазақстан туралы фильмі жарық көрді (ВИДЕО) Мыңдаған грант, санаулы нәтиже: Қазақстан ғылымы неге өндіріске жете алмай отыр? Диплом алып, жұмыссыз қалмау үшін: колледждер жұмыс берушілерге қажет мамандарды даярлайды Павлодар облысында прокуратура қызметкері әйелді қағып кетті: отбасы тергеуге күмән келтірді Инфантиноны сынаған FIFA басшыларының бірі қызметінен кетті Оқушылар сабақ кезінде телефондарын қайда қояды? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

    ҰҚК тағы бір бастығы қызметінен босатылды

     

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Дархан Ділмановты қызметінен босатты. Бұл туралы Qazaq.Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Ділманов Шекара қызметінің директоры лауазымынан да босатылды. Ол жоғары лауазымды қызметке К.Мәсімовтың тұсында тағайындалған.

    «Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Айтқалиұлы Ділманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылды», — делінген Ақорданың хабарламасында.

    Еңбек қызметі: 1986-1998 жж. – МҚК/ҰҚК шекара әскерлерінде офицерлік қызметте; 1998-2015 жылдары — ҰҚК шекара қызметінде басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

    2015 жылғы 14 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры қызметін атқарды.

    ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрметті сарбазы. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оған генерал-лейтенант атағы берілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →