Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 21 шілде 2026 $ 471,2 539,1 6,02
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуіне қатысты пікір білдірді Халықаралық іздеу жарияланған үш Украина азаматы: бір миллиард долларлық онлайн-казино схемасы Құтқарушылар имидждік рилс түсіріп әлек: СҚО турғындары өртті трактормен және шүберекпен өздері өшіруге мәжбүр Ел халқы үшін қуанышты хабар шықты Мексикада Димаш Құдайбергенге ерекше құрмет көрсетілді Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі VI Фелипені футболдан әлем чемпионатындағы жеңіспен құттықтады Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуіне қатысты пікір білдірді Халықаралық іздеу жарияланған үш Украина азаматы: бір миллиард долларлық онлайн-казино схемасы Құтқарушылар имидждік рилс түсіріп әлек: СҚО турғындары өртті трактормен және шүберекпен өздері өшіруге мәжбүр Ел халқы үшін қуанышты хабар шықты Мексикада Димаш Құдайбергенге ерекше құрмет көрсетілді Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі VI Фелипені футболдан әлем чемпионатындағы жеңіспен құттықтады

    Солтүстік Қазақстанда мектептің төбесі опырылып құлады

    Солтүстік Қазақстан облысында мектептің төбесі опырылып құлады, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі. Аққайың ауданына қарасты Тоқшын ауылдық мектебінің акт залының төбесі құлаған. Қауіпті оқиға кеше кешкі сағат 18.00 шамасында болған. Мектептің төбесі құлағанда 300-ге жуық бала сабақ оқып жатқан. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Облыстық білім басқармасының ақпаратынша, оқушылар соңғы тоқсанды қашықтықтан оқымақ.

    «2022 жылдың  4 сәуір күні Аққайың ауданының «Тоқшын мектеп-гимназиясы» КММ акт залының шатыры (негізгі ғимаратқа қосылып салынған бөлігінде) жартылай опырылды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына шұғыл түрде уәкілетті органдардың басшылары келді. Сондай-ақ мән-жайларды анықтау және шаралар қабылдау үшін арнайы комиссия құрылды. Алдын ала жасалған балжамды  себеп бойынша — оқиға іргетастың шөгуі мен шатырдан жауын суының ағуы. Мектепте 293 оқушы оқиды. Мәселені шешкенге дейін олар қашықтан сабақ оқиды.  Биылғы жылы әкімдік мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізуге қосымша қаражат бөлді және келесі жұмыс түрлері қарастырылды: негізгі мектептің шатырын, акт залы мен интернат ғимаратының шатырын ауыстыру», — делінген облыстық білім басқармасы таратқан хабарламада.

    Тоқшын ауылы облыс орталығынан 50 км қашықтықта орналасқан. Мектеп 1955 жылы пайдаланылуға беріліпті. Акт залдың құлауына ғимарат іргерасының тозуы себеп болған көрінеді. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында 150-ден астам білім беру ошағы жедел түрде күрделі жөндеуді қажет етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →