Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Иранның Иорданиядағы базаға шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Иранның Иорданиядағы базаға шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты

    Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың өзі ашқан үлкен мектеп сол күйі жұмыс істемей тұр

    Қалада 30 мың оқушыға орын жетіспейді

    Алматы қаласында осыдан төрт ай бұрын ашылған мектеп сол қалпы жұмыс істемей тұр. Томирис ықшам ауданында өткен жылдың 21 желтоқсаны күні бұрынғы әкім Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен №205 жалпы білім беретін орта мектептің ашылу салтанаты болған еді. Алайда оқу орны әлі күнге қаңырап бос тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy-на сілтеме жасаған Qazaq.Today ақпараттық агенттігі. 

    Ашылу барысында оқу орындары өзінің алғашқы оқушыларын келесі тоқсаннан бастап қабылдайтыны айтылған еді. Бірақ одан бері төртінші ай өтсе де жаңа үлгіде салынған №205 мектеп сол күйі оқушыларды қабылдамаған.

    «Мен осы ауданның тұрғынымын. Әкім келіп, жаңа мектеп ашылған кезде қуанышымыз қойнымызға сыймаған еді. Лентасын қиып ашқан екен, енді не себепті жұмыс істемей тұр?! Мектеп ішіне кірейік десек күзетшісі «кіруге рұқсат жоқ» деп жібермейді, есіктерінде күні-түні құлпы тұрады. Жұмыс жүріп жатыр дейін десеңіз, ешқандай жұмысшы байқалмайды. Сонда осынша ғимаратта кім үшін салды? Енді не үшін бос ұстап отыр?!  Менің екі балам мектепке барады, оларды күнде анау Тастақ ауданындағы мектепке тасимын. Шаңырақта орын жоқ. Дәл үйдің іргесіндегі мектепті іске қосса, бізге де жақсы болар еді ғой. Биыл балалар бұл мектепке бара алмайды екен, тележурналистерді шақырып, әкімді әкеліп, сонша даурықтырудағы мақсаттары не болғанын түсіне алмадым», — деді аудан тұрғыны Анар Қалмұханқызы.

    Редакция тілшісін де мектеп күзетшісі ішке кіргізбеді. Айтуынша, директор орнында емес, оқу ғимаратында өзінен басқа ешкім жоқ.

    «Сіздерді ішке кіргізе алмаймын, арнайы рұқсат қағазы керек. Мектептің не себепті жұмыс істемей тұрғанын директордан сұраңыздар. Жалпы директор күнде осында келіп отырады, бірақ дәл қазір ол кісі жұмыста емес. Қалған сұрақтарыңызға жауап бере алмаймын», — деді күзетші.

    Осы аралықта мектеп сыртында тұрған көліктен бір ер адам түсіп, өзін оқу ғимаратын салған мердігер компания «BI Group» диспетчерімін деп таныстырды. Айтуынша, құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған, енді әкімдік өкілдерінің қабылдауын күтіп жүр.

    «Біздің басшымыз еңбек демалысында. Мектеп құрылысы аяқталды, жұмысты бізден қабылдап алуы тиіс әкімдік өкілдерін күтіп отырмын. Олардың қашан келетінін білмеймін. Мердігер компания тарапынан барлық жұмыс аяқталған. Мектептің не үшін іске қосылмай жатқаны бізге де белгісіз», — деді диспетчер Бексұлтан.

    Azattyq Rýhy редакциясы №205 мектептің не себепті іске қосылмағанын анықтау үшін қалалық Білім басқармасына ресми сұрау жолдаған. Айта кетерлігі, жаңа мектептер типтік жобалар бойынша салынбаған. Яғни, жобалау кезінде оқу орындары жаңа стандарттарға сай әзірленген. Алматы көлемінде 30 мың оқушыға орын тапшы.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →