Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоғызы қаза тапты: Министрлік Маңғыстаудағы жайтқа қатысты мәлімдеме жасады Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты Каспийде 17 әскери қызметші теңізге кетіп қалды деген ақпарат тарады Президент: Соңғы 7 жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 29 пайызға артты Астанада әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап кетті (ВИДЕО) Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент Тоғызы қаза тапты: Министрлік Маңғыстаудағы жайтқа қатысты мәлімдеме жасады Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты Каспийде 17 әскери қызметші теңізге кетіп қалды деген ақпарат тарады Президент: Соңғы 7 жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 29 пайызға артты Астанада әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап кетті (ВИДЕО) Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент

    Каспийде 17 әскери қызметші теңізге кетіп қалды деген ақпарат тарады

    Каспийде 17 әскери қызметші теңізге кетіп қалды деген ақпарат тарады

    Фото: Pixabay

    Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында өтіп жатқан әскери оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай болғаны туралы ақпарат тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, теңізге 17 әскери қызметшіні толқын алып кеткен болуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 24 қыркүйекте Ақтау қаласынан шамамен 43 шақырым жердегі Omir Glamping демалыс базасы маңында болған. Әскери қызметшілер «Қайсар» әскери кемесінен жағалауға түсу жаттығуына қатысқаны айтылады.

    Алдын ала мәліметте жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, қатты толқын 17 адамды теңізге алып кеткені көрсетілген. Олардың арасында 15 матрос, бір офицер және келісімшарт бойынша қызмет ететін бір әскери қызметші бар екені айтылып отыр. Алайда бұл деректерді Қорғаныс министрлігі әзірге ресми түрде растаған жоқ.

    Тараған ақпаратта оқиғаға №29011 және №21814 әскери бөлімдерінің қызметшілері қатысқаны көрсетілген.

    Айта кетейік, 22 қыркүйекте Қазақстанның Каспий теңізі секторында «Хазар қорғаны – 2026» Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы басталған болатын. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оған Әскери-теңіз күштері мен қосымша бөлімшелердің 500-ден астам әскери қызметшісі, жауынгерлік кемелер экипаждары, жағалау бөлімшелері, ҰҚК Шекара қызметінің жағалау күзеті және Әуе қорғанысы күштері қатысып жатыр.

    Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын жетілдіру, жауынгерлік дайындық деңгейін көтеру және түрлі күштердің өзара іс-қимылын пысықтау.

    Оқиғаның нақты мән-жайы мен әскери қызметшілердің жағдайы туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі шыққаннан кейін деректер нақтылануы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →