Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды

14 жылға сотталған Талғат Ермегияев түрмеде бокспен айналысып жүр

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырылған Талғат Ермегияевтың түрмеде немен айналысатыны белгілі болды. Жазасының жартысын өтеп қойған Талғат Амангелдіұлы түрмеде бокспен айналысып жүр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желіге тараған видеода оның бокстасып жатқаны көрсетілген.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (ҚАЖД) бейнежазбаға түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, видео 2019 жылы Алматы облысы ҚАЖ мекемесі жасақтарының бірінде түсірілген.

«Видеодағы адамдар 2021 жылдан бері бір-бірінен бөлек камерада орналасқан. Кейінірек олардың бірі колониядан босап шықты», — деді ведомство өкілдері.

ҚАЖД мәліметінше, 2021 жылдың наурызында мекемедегі тінту іс-шаралары барысында спорттық құрал-жабдықтар тәркіленіпті.

«2022 жылы 29 наурызда осы видеоның тарауына байланысты сотталғандар жазасын өтеп жатқан камераларды аралап шықты — қандай да бір тыйым салынған заттар табылған жоқ. Анық-қанығын білу үшін қызметтік тергеу басталды, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады», — делінген Алматы облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика