Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті •

    Украинада соғыс басталғалы Қазақстаннан жұмыс іздеген ресейліктер көбейген

    Қазақстаннан нәпақа іздеген ресейліктер саны азаяр емес. Жыл басынан бері 6350 ресейлік жұмыс іздеп елімізге келген. Қазақ жерінде тұрып жатқан ресейліктердің саны 101 мыңнан асады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов министрлік Украинамен соғыс жағдайында Ресейден еңбек нарығына жұмысшылардың келуі мүмкін жағдайды қадағалап отырғанын айтты, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Вице-министрдің сөзінше, әзірге алаңдауға негіз жоқ. Жыл басынан бері Қазақстанға жұмысқа орналасу мақсатында 6350 ресейлік келген. Өткен жылы Ресейден 18,8 мың адам келіпті.

    «Жұмыс орындарын жоғалтып аламыз ба деген қорқыныш бар. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жағдайдың оң жақтары да барын ескерген дұрыс. Бізге жоғары білікті мамандар, ірі компаниялар көбірек келеді. Бұл білім мен қабілет импорты. Ондай компаниялар бізге келсе, қазақстандықтармен білімдерін бөлісіп, осы жерден кәсіпорындар ашады. Бұл қосымша жұмыс орындары мен бюджетке түсетін салықтар артады дегенді білдіреді, — деді министр Біржанов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →