Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Мультфильмдегі басты кейіпкермін»: Баян Мақсатқызы арманы орындалғанын айтты • Қызылордада балалар ойын алаңының құрылысы аяқсыз қалған: тұрғындар мердігерге наразы • Әлеуметтік көмек қысқармайды: мұқтаж отбасыларға қолдау толық сақталады • Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • «Мультфильмдегі басты кейіпкермін»: Баян Мақсатқызы арманы орындалғанын айтты • Қызылордада балалар ойын алаңының құрылысы аяқсыз қалған: тұрғындар мердігерге наразы • Әлеуметтік көмек қысқармайды: мұқтаж отбасыларға қолдау толық сақталады • Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды •

    Алматыда 21 машинаны ағаш басып қалды

    Алматыда қатты дауылдан екі адам жарақат алды. Құтқарушыларға ағаштардың құлауы мен жел ұшырып кеткен шатыр туралы 34 хабарлама түскен. Жеке тұрғын үйлердің аулаларын да су басқан. Ағаштардың құлауынан 21 көлік зақымданған. Желден жеке тұрғын үйлерден басқа көп қабатты және әкімшілік ғимараттардың да шатыры қираған. Дауылдан бірнеше көп қабатты үйлердің сыртқы қаптауы құлап, қаладағы троллейбус желісі үзіліп қалған.

    «29 наурызда сағат 16-дан бастап метеорологиялық құбылыстар, атап айтқанда қатты жел мен қарқынды жаңбыр салдарынан  «112» желісіне ағаштардың құлауы, оның ішінде ғимараттар шатырларының бұзылуы бойынша 34 хабарлама және жеке тұрғын үйлердің аулаларын  су басуы бойынша 34 хабарлама келіп түсті. Ждел жәрдем қызметінің мәліметтері бойынша 2 ересек ер адам жеңіл жарақатын алды. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», — деді қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлдана Нұрымбетова.

    Жауын-шашын  түнгі сағат 03-ке дейін жалғасады деп болжанған. Қазгидромет мекемесінің  дауылды ескертуінің негізінде  қалалық ТЖД мен қала қызметтерінің күштері, құралдары жоғары дайындық режиміне көшкен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →