Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Олжас Бектенов Балқаш қаласындағы жүйе құраушы кәсіпорындар жұмысымен танысты • Астана мектебіндегі кептелістен кейін директор қызметінен босатылды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Түркістан облысында үшем дүниеге келді • Олжас Бектенов Балқаш қаласындағы жүйе құраушы кәсіпорындар жұмысымен танысты • Астана мектебіндегі кептелістен кейін директор қызметінен босатылды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Түркістан облысында үшем дүниеге келді •

    «Шындықты айтуды жөн көрдім»: Белгілі блогер кәсіпкер күйеуімен ажырасқанын айтты

    «Шындықты айтуды жөн көрдім»: Белгілі блогер кәсіпкер күйеуімен ажырасқанын айтты

    Фото: әлеуметтік желі

    Актриса әрі блогер Айым Сейітметова күйеуі Талғат Итаевпен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бұл жаңалықты жариялау туралы ұзақ ойланғанын айтты. Алайда отбасы бірнеше жыл бойы көпшілік назарында болғандықтан, ажырасқаны туралы өзі хабарлауды жөн көрген.

    “Талғат екеуміз ажырастық. Бұл сөздің артында өміріміздің үлкен бір кезеңі тұр. Жақсы сәттеріміз де көп болды, отбасымыз болды. Ең бастысы – бізді өмір бойы байланыстыратын қызымыз бар”, – деп жазды ол.

    Айым Сейітметованың айтуынша, ерлі-зайыптылардың некесін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған. Дегенмен ол олардың себептерін жария еткісі келмейтінін атап өтті.

    Актриса бұрынғы жұбайымен сыйластықты сақтап, қызы үшін ата-ана ретінде бірге қалу маңызды екенін айтты.

    “Қызымыз әке-шешесінің екеуінің де махаббатын сезініп өссе деймін. Біздің ересектер ретінде қабылдаған шешіміміздің салдарын бала көтермеуі керек”, – деген актриса.

    Сондай-ақ ол оқырмандарын ажырасудан сенсация іздемеуге, түрлі болжам жасамауға және тараптарды сынамауға шақырды. Айым бұл шешімнің оңай болмағанын айтып, енді екеуінің де өмірінде жаңа кезең басталатынын жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →