Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады Әнші Шакира Колумбияда қирап қалған мектептерді қайта қалпына келтірмек «Күйеуі ұрып, қолын сындырған»: Алматы облысында тағы бір келіншек өзіне қол салды «Келіндеріме ұнамауы мүмкін»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі күтпеген жазба жариялады Ертісте 4 күн іздестірілген ер адамның денесі табылды Зайсан жағасында қоқысты шұңқырға көміп жатыр: тұрғын әкімдіктен тексеруді талап етті Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады Әнші Шакира Колумбияда қирап қалған мектептерді қайта қалпына келтірмек «Күйеуі ұрып, қолын сындырған»: Алматы облысында тағы бір келіншек өзіне қол салды «Келіндеріме ұнамауы мүмкін»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі күтпеген жазба жариялады Ертісте 4 күн іздестірілген ер адамның денесі табылды Зайсан жағасында қоқысты шұңқырға көміп жатыр: тұрғын әкімдіктен тексеруді талап етті

    Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Президент бейбіт сыртқы саясат пен инвестициялық әлеует туралы айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

    Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президентіне тоғыз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері сенім грамоталарын табыс етті. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сенім грамоталарын Молдова Республикасының елшісі Игорь Молдован, Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Тхань Ле Нгуен, Корея Республикасының елшісі Ки Хон Чжон, Оңтүстік Африка Республикасының елшісі Лунгисани Доминик Нтомбелла, Словакия Республикасының елшісі Любомир Регак, Германия Федеративтік Республикасының елшісі Хайке Ренате Пайч, Әзербайжан Республикасының елшісі Алимирзамин Аскеров, Словения Республикасының елшісі Бранко Раковец және Намибия Республикасының елшісі Моника Ндилявике тапсырды.

    Мемлекет басшысы еліміздің бейбітсүйгіш сыртқы саясат ұстанатынын атап өтті. «Өздеріңізге мәлім, Қазақстан қазіргідей аса күрделі геосаяси жағдайда бейбіт сыртқы саясат жүргізіп келеді. Біз бейбітшілік салтанат құруға тиіс деп санаймыз. Сондықтан Орталық Азияда да, одан тысқары жерлерде де бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап, ынтымақтастықты өрбіту үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасаймыз», – деді Президент.

    Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты рәсімге қатысушыларға Қазақстанның экономикалық әлеуеті және ұлттық экономикаға шетелдік инвестиция тартудағы табыстары жөнінде мәлімет берді. «Біз елімізге шетел инвестициясын тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасап отырмыз. Әлбетте, Қазақстанға келіп жұмыс істегісі келетін шетелдік кәсіпкерлерді және ірі компанияларды құшақ жая қарсы аламыз. Өздеріңіз білетіндей, біздің нарықта ірі халықаралық компаниялардың басым бөлігі қызмет етеді. Бұл саясаттан айнымайтынымызға сенімдімін. Шетелдік инвестицияға қатысты ашық есік саясатын дәйекті түрде жалғастыруға ниеттіміз», – деді Президент.

    Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар жөнінде айтты. Оның қисынды жалғасы тарихи Құрылтай сайлауы болмақ. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі түбегейлі өзгерістер халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастықты нығайтатын тың мүмкіндіктерге жол ашатынына сенім білдірді.

    Сөз соңында Президент Астананың елшілер өкілдік ететін мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайтып, сан қырлы ықпалдастықты дамытуға мүдделі екенін растады. Сондай-ақ мемлекеттер басшыларына жылы лебізін жолдады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →