Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағандыда 19 күндік нәрестеге жүрек отасы жасалды • Непал мен Тибетте хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандық әлі табылған жоқ • Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан • Қарағандыда 19 күндік нәрестеге жүрек отасы жасалды • Непал мен Тибетте хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандық әлі табылған жоқ • Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан •

    Айым Сейітметова ер адамдардың жауапкершілігі туралы пікір білдірді

    Актриса Айым Сейітметова әлеуметтік желідегі жазбасында ер адамның өз шешімі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілік алуы қажеттігін, ал жауапкершіліктен қашу құрметке лайық емес екенін айтты.

    Айым Сейітметова ер адамдардың жауапкершілігі туралы пікір білдірді

    Сурет: sn.kz

    Ажырасу процесін бастап жатқан танымал актриса әрі блогер Айым Сейітметова әлеуметтік желіде ер азаматтың жауапкершілігі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ол ер адамның ең маңызды қасиеттерінің бірі – өз шешімі, сөзі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілік ала білу екенін атап өтті. «Ер адамның басты қасиеттерінің бірі – жауапкершілікті өз мойнына алу. Өз шешімі, сөзі мен әрекеті үшін жауап беру. Кінәліні өзгеден іздемей, өз ісінің салдарын басқаға жүктемеу маңызды. Себебін өзгеден емес, ең алдымен өзіңнен іздей білу керек», – деп жазды актриса.

    Ол жауапкершіліктен қашып, өзін ақтауға тырысатын ер азаматтардың әрекеті құрмет тудырмайтынын айтты. «Дәл осындай ер адамдар құрметке лайық. Ал есейген адам жауапкершіліктің орнына ақталуды таңдап, өз кінәсін өзгеге арта бастаса – бұл ер азаматқа тән қылық емес. Сондықтан, әсіресе ұл тәрбиелеп отырған аналарға айтарым: балаларды кішкентайынан өз әрекетіне жауап беруге үйретіңіздер. Сонда ғана олар әрдайым өзгелерді кінәлайтын «ересек бала» емес, арқа сүйеуге болатын азамат болып өседі», – деді ол.

    Бұған дейін Айым Сейітметова күйеуі Талғат Итаевпен ажырасуға өтініш бергенін жариялап, бұл кезеңнің өз өміріндегі ауыр шешімдердің бірі екенін айтқан болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →