Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлем үшінші дүниежүзілік соғысқа байқаусыз жақындап бара ма? Financial Times талдауы • Қостанай облысында екі шетелдік заңбұзушы елден шығарылады • Қазақстан семсершілері әлем кубогының финалына шықты • Балқаш көлінде қозғалтқышы істен шыққан қайықтан екі балықшы құтқарылды • Қазақстандық гимнасттар Роттердамдағы әлем чемпионатының финалына шықты • Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Әлем үшінші дүниежүзілік соғысқа байқаусыз жақындап бара ма? Financial Times талдауы • Қостанай облысында екі шетелдік заңбұзушы елден шығарылады • Қазақстан семсершілері әлем кубогының финалына шықты • Балқаш көлінде қозғалтқышы істен шыққан қайықтан екі балықшы құтқарылды • Қазақстандық гимнасттар Роттердамдағы әлем чемпионатының финалына шықты • Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды •

    Президент Франция халқын құттықтады

    Президент Франция халқын құттықтады

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды ұлттық мереке – Бастилияны алу күнімен құттықтады.

    Президенттің айтуынша, бұл атаулы күн француз халқының бірлігін және еркіндік пен теңдік қағидаттарына бейіл екенін айшықтайды.

    Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықтың даму қарқынына көңілі толатынын жеткізіп, қазақ-француз байланыстарының кеңеюіне Эмманюэль Макрон айрықша үлес қосқанын айтты.

    Президент Франция көшбасшысының жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас елдің халқына бақ-береке тіледі.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →