Басты бет » Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Фото: Ақорда

Президент ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

— Бұл кәсіби мерекенің ел өмірінде алатын орны айрықша. Себебі журналистер қауымы — ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер. Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады. Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Ел Президенті ретінде бүгін мен барша медиа саласы мамандарына шынайы ризашылығымды білдіремін, — деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойғанын жаздық.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика