Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Әкесі – африкалық: Шымкентте ерекше сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуде

    Шымкенттегі Ұлттық ұлан сапында Буркина-Фасо тумасы Карл Уэдраого қызмет етуде. Әкесі – африкалық, анасы – қазақ сарбаз Қазақстанды өз Отаны санайды.

    Әкесі – африкалық: Шымкентте ерекше сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуде

    Сурет: tengrinews.kz

    Шымкенттегі Ұлттық ұлан бөлімдерінің бірінде Буркина-Фасо тумасы Карл Уэдраого әскери қызметін атқарып жатыр. Батыс Африкада дүниеге келгеніне қарамастан, ол Қазақстанды өз Отаны санайды және Отан алдындағы борышын өтеуді үлкен абырой көреді деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Карл Уэдраогоның анасы – қазақ, ал әкесі – африкалық. Ол ата-анасымен бірге Алматы қаласында тұрады. Сарбаздың айтуынша, ол мерзімді әскери қызметке өз еркімен келген. «Отан алдындағы борышымды өтеуді жөн көрдім. Шымкент қаласындағы осы әскери бөлімге түстік. Жас сарбаз курсынан кейін батальонға бөліндік. Жалпы, біздің күнделікті қызметіміз тыныш өтеді. Өзімізге бекітілген техникаға жауап береміз, оған қызмет көрсетеміз. Алдымызға қойылған міндеттерді орындаймыз», – деді қатардағы жауынгер.

    Сарбаз өзінің болашағын тек Қазақстанмен байланыстыратынын атап өтті. «Мен өзімді толықтай Қазақстан Республикасының азаматы санаймын. Маған бұл ел ұнайды және мен оны жақсы көремін», – деп бөлісті Карл Уэдраого.

    Әскери бөлімдегілер жас сарбаздың тәртібі мен жауапкершілігін жоғары бағалайды. Оны қызметтестері де, басшылық та міндеттерін адал және тиянақты орындағаны үшін құрметтейді. «Бүгінгі таңда қатардағы жауынгер Уэдраого өз мамандығы бойынша жүргізуші болып қызмет етуде. Ол көлік құралын басқарудың жоғары деңгейін көрсетіп жүр. Басқа елде туғанына қарамастан, ол Қазақстанның жол жүру ережелерін өте жақсы біледі», – деді 6506 әскери бөлімі командирінің орынбасары Ідіріс Чаушев.

    Айта кетейік, 6506 әскери бөлімінде 500-ге жуық әскери қызметші Отан алдындағы борышын өтеп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →