Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесті

Фото: Ақорда

Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды. Кездесуде Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Мемлекет басшысы Ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысымен бөлісіп, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындағанын жазған болатынбыз.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика