Семейлік жігіт Бразилияны шулатты: әуежайда әнмен қарсы алды

Семейден шыққан қазақстандық киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенконы Бразилия әуежайында жанкүйерлері ерекше құрметпен күтіп алды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жергілікті фанаттардың қазақстандық ойыншының келуіне қаншалықты тыңғылықты дайындалғанын көруге болады. Олар арнайы баннер ұстап, спортшының лақап атын айқайлап, тіпті оған арнап ән де шырқаған.

Мұндай қошемет әдетте әлемдік деңгейдегі футбол жұлдыздарына немесе танымал өнерпаздарға көрсетіледі. Бұл жағдай Данил Голубенконың Бразилиядағы киберспорт қауымдастығы арасында үлкен танымалдылыққа ие екенін көрсетеді.

Данил «Molodoy» Голубенко – Семей қаласының тумасы. Ол қазіргі уақытта Counter-Strike ойыны бойынша 9z Team халықаралық командасының намысын қорғайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика