Алматы облысының Іле ауданында магнитудасы 2-ге тең жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 22:55-те болған.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 117 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
MSK-64 шкаласы бойынша дүмпу күші Алматы облысының Күрті ауылында 2 балл деңгейінде сезілген. Төтенше жағдайлар департаменті зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспегенін хабарлады.
Фото: Әлеуметтік желіден
