Таразда құтқарушылар үлгермеді: 5-қабаттан секірген ер адам көз жұмды

Таразда көпқабатты үйдің бесінші қабатынан ер адам секіріп кетті. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 7 сәуір күні кешке «Ұлы дала» (15-ші) мөлтекауданындағы үйлердің бірінде болған. Психоневрологиялық есепте тұрған ер адам өзіне-өзі қол жұмсайтынын айтып, пәтерге қамалып алған.

Оқиға орнына дереу құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жеткен. Олар пәтердің есігін бұзып кіруге тырысқан. Сонымен қатар, терезенің алдына арнайы өрт сөндіру сатысы қойылып, төменде құтқарушылар пневматикалық жастықты дайындаған.

Алайда құтқарушылардың әрекетіне қарамастан, ер адам көпшіліктің көз алдында балконнан секіріп кеткен. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика