Фото: m24.ru
Иранның жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеи ес-түссіз күйде жатыр. Бұл туралы The Times газеті америкалық және израильдік барлау деректеріне сілтеме жасап жазды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, Хаменеи Кум қаласында ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланған. Барлау деректері жазылған құжатқа сәйкес, Иранның жоғарғы көшбасшысы қазіргі уақытта шешім қабылдайтын халде емес.
Наурыз айының соңында Axios АҚШ пен Израильдің барлау қызметтері Моджтаба Хаменеидің Иран басшысы болғаны туралы ақпаратты растауға тырысып жатқанын жазған. Тегеран билігі жаңа көшбасшы 28 наурызда АҚШ пен Израильдің алғашқы соққысы кезінде жараланғанын ресми түрде растады. Бірақ жарақат жеңіл болғаны хабарланған.
The Times жазуынша, Моджтаба Хаменеидің әкесі Әли Хаменеи Кум қаласында жерленуі мүмкін. Десек те, Иранның мемлекеттік ақпарат агенттіктері 86 жастағы Хаменеиді Мешхед қаласында жерленетінін хабарлаған. 8 сәуірде Хаменеидің қайтыс болғанына 40 күн болады.
Кум қаласы Тегераннан оңтүстікке қарай шамамен 130 шақырым жерде орналасқан. Шаһар елдің діни орталығы ретінде танымал.
