Елде орташа айлық 473 мың теңге: бір облыста миллионға жуық

Ұлытау облысы 2025 жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша еліміздегі ең жоғары жалақы төленетін үздік үш өңірдің қатарына кірді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Жалпы республика бойынша орташа айлық номиналды жалақы 473 158 теңгеге жетіп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға артты.

Ұлытау облысындағы жоғары көрсеткіштер негізінен дамыған тау-кен өнеркәсібіне байланысты. Бұл саладағы жалақы деңгейі республикалық орташа деңгейден әлдеқайда жоғары. Мәселен, тау-кен секторындағы орташа жалақы шамамен 978 962 теңгені құрайды, бұл – елдегі орташа көрсеткіштен екі еседен астам көп.

Сарапшылар өңірдегі табыстың тұрақты жоғары деңгейін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысымен және жаңа инвестициялық жобалардың орындалуымен байланыстырады.

Аймақтағы негізгі жұмыс беруші – «Қазақмыс» корпорациясы. Өңірдің еңбекке қабілетті халқының басым бөлігі осы компанияның кәсіпорындарында еңбек етеді. Корпорация тұрғындарды жұмыс орнымен және тұрақты жалақымен қамтамасыз етіп, маңызды әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды дамытып келеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика