Фото:ҚБФ/Төрехан Сабырхан
Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
70 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан отандасымыз ширек финалда тәжікстандық Шамшиер Саидовпен қолғап түйістірді. Тартысқа толы өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен (4:1) жеңіс Төрехан Сабырханға берілді.
Осылайша, қазақстандық боксшы жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.
Жартылай финалда ол моңғолиялық Бямба-Эрдэнэ Отгонбаатар мен қытайлық Пен Чен Ван арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасады.
