Атырау облысында қызмет бабындағы полицейді соққыға жыққан бір топ адамға қатысты шыққан жеңіл үкім қайта қаралды. Бас прокуратураның араласуынан кейін сотталушылар нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Тергеу мәліметінше, мас күйде болған құқық бұзушылар полиция қызметкеріне шабуылдап, оны таспен және ағаш затпен ұрған.
Соққы салдарынан тәртіп сақшысы ауыр жарақат алып, оның жақ сүйегі мен көз ұяшығы сынған.
Дегенмен, алғашқы сот инстанциясы айыптыларға тек бас бостандығын шектеу жазасын кескен еді.
Бас прокуратура бұл жазаны жасалған қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейді деп есептеп, үкімге кассациялық наразылық келтірді. Нәтижесінде кінәлі деп танылғандар нақты мерзімге түрмеге тоғытылды.
Фото: Әлеуметтік желіден
