«Аутизммен ауыратын баланы квотамен де қабылдамайды»: Ұлытаулық ана әділдік іздеп жүр

Фото: видеодан скрин

Ұлытау облысының тұрғыны баласын реабилитациялық орталыққа қабылдата алмай жүргенін айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Оның сөзінше, баласында аутизм бар, бірақ қолында жолдама мен квота болса да, орталық есігі жабық.

Ана басты дәрігер мұндай балалармен жұмыс істегісі келмейтінін ашық айтқанын жеткізді.

Көмек сұрап барған әр әрекеті қағазбастылық пен түрлі сылтауға тірелген.

Бұл бірінші жағдай емес, өткен жылы да баласын тек ақша бергеннен кейін ғана қабылдағанын айтты.

Яғни, ресми жүйе бар, бірақ ол бәріне бірдей жұмыс істемейді деген күдік күшейіп отыр.

Ата-ананың айтуынша, мұндай жағдай жалғыз өзінде емес, басқа да отбасылар бар. Мәселе тек медицинада емес, бақылау мен жауапкершіліктің әлсіздігінде болуы мүмкін. Бұл жағдай қоғамда ерекше балалардың тағдыры қалай қорғалып жатыр деген сұрақты қайта көтерді.

Денсаулық сақтау министрлігінен ресми жауап күтілуде.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика