Семейде көлік отқа оранды: жол жиегінде жалын шарпыған от жұртты шошытты

Фото: видеодан скрин

Семей қаласында жүк көлігі жол үстінде өртеніп, жүргізушілердің зәре-құтын қашырды. Оқиға Энергетик ауданында болғаны хабарланды. Куәгерлердің айтуынша, ЗИЛ маркалы көлік аяқ астынан отқа оранған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Видеодан қою қара түтіннің аспанға көтерілгені анық көрінеді. Жалын көліктің алдыңғы бөлігін толық шарпыған. Оқиға кезінде жолда қозғалыс біраз уақытқа баяулаған.

Әзірге өрттің нақты неден шыққаны белгісіз.

Зардап шеккендер бар-жоғы да ресми түрде нақтыланып жатыр. Төтенше жағдай қызметі мен полиция бұл дерекке қатысты тексеріс жүргізуде. Мұндай жағдайлар техникалық бақылаудың әлсіздігін тағы да көрсетті.

Дереккөз: oo_osa_semey_vko

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика