Семейде жол емес – батпақ: көлік батып, тұрғындар әбден шаршады

Фото: видео скриншот

Семей қаласының Энергетик ықшамауданында жолдардың жағдайы күрт нашарлаған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Тұрғындардың айтуынша, көшелер бірнеше күннен бері батпаққа айналған.

Жауын-шашыннан кейін жолдар толықтай жырылып, көлік қозғалысы қиындаған.

Кей жерлерде көліктер батпаққа батып, жүре алмай қалған. Жүргізушілер бір учаскеден өту үшін ұзақ уақыт жоғалтып отыр.

Жаяу жүргіншілер үшін де жағдай қолайсыз, аяқ алып жүру қиын. Тұрғындар бұл мәселе бірінші рет емес екенін айтып, шағымдануда.

Олардың сөзінше, жол мәселесі жыл сайын қайталанады. Әкімдік тарапынан нақты әрі жедел шара көрінбей отыр.

Қаладағы инфрақұрылымның бұл күйі тұрғындардың ашуын туғызды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика