Фото: видеодан скрин
Көкшетау қаласының дәл орталығында, Сәтпаев көшесінде қоқыс үйіндісі көбейгені видеоға түсіп, желіде тарады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Кадрлардан контейнер маңындағы қалдықтардың белгіленген аумақтан асып кеткені анық көрінеді. Жергілікті тұрғындар бұл жағдайдың бір реттік емес, жүйелі проблемаға айналғанын айтады.
Әсіресе орталық көшеде мұндай көріністің болуы халықтың ашуын туғызған. Тұрғындардың сөзінше, коммуналдық қызметтердің жұмысы көңіл көншітпейді.
Қоқыс уақытында шығарылмайды, соның салдарынан айнала ластанып жатыр. Бұл жағдай санитарлық талаптардың сақталуына қатысты сұрақтарды күшейтті. Қала орталығында тазалық сақталмаса, шеткі аудандардағы жағдай қандай деген заңды сауал туындайды. Әкімдік пен жауапты мекемелерден нақты әрекет күтетіндер көбейді.
Мәселенің қашан шешілетіні әзірге белгісіз.
