3 адам тергеуге алынды.
Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев Мәжіліс кулуарында Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Лугадағы вахталық кентте болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі бірнеше адам, оның ішінде Қазақстан азаматтары 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынғанын хабарлаған болатын. Тағы үш қазақстандыққа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны бегілі болды.
«Усть-Лугадағы вахталық кентте 4 мыңнан астам қазақстандық бар. Олар вахталық әдіспен жұмыс істейтіндіктен мәселе күрделеніп отыр. Қазақстан азаматтары арасында медициналық көмекті қажет еткендер болмады. 3 адам тергеуге алынды», – деді Ержан Ашықбаев журналистердің сауалына берген жауабында.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда төбелестің неден шыққаны анықталып жатыр.
«Ресейдің құзырлы органдары оқиға болған жерде тергеу жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті ақпарат беріледі», – деді спикер.
