Танымал қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлттық киіммен түскен бейнесін жариялап, жазбасымен елді ойландырып қойды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
«Өмірім қазақ, түрік не үнді сериалдарындағыдай болып кетті», – деп жазды Ләйлә.
Ол бөліскен видеода алдымен макияжсыз, қарапайым күйде көрінеді, кейін әсем ұлттық киім мен әшекейлер тағып, мүлде басқа образда шығады.
Желі қолданушылары видеоны жоғары бағалап, пікірлерде өздерінің таңданысын жасырмады.
