Фото: Видеодан алынған кадр
Қарағандыда жол сапасына қатысты кезекті шағым әлеуметтік желіде тарады. Қала тұрғыны түсірген видеода көлік шұңқырға толы жолмен әрең қозғалып барады. Автордың айтуынша, мұндай жағдай күн сайын қайталанады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Жүргізушілер жол салығын уақытында төлеп отырғанын айтады. Алайда соған қарамастан, жол сапасы жақсармай отыр деген наразылық күшейген.
Кадрлардан асфальттың ойылып, су жиналып жатқанын анық көруге болады. Бұл жағдай көлікке зиян келтіріп қана қоймай, апат қаупін де арттырады.
Қала билігі бұл мәселеге қатысты әзірге нақты түсініктеме берген жоқ.
Әлеуметтік желі қолданушылары жауапты органдардан шұғыл шара қабылдауды талап етуде.
Видео: denski_blog
