Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы жоғалып кетті

Фото: видеодан скрин

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, марқұм Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаев жоғалып кетті, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Ондағы мәліметке қарағанда, Баир Сиқымбаев 2026 жылғы 24 наурызда сағат шамамен 13:20-да Коперник көшесі, 114-үйден шығып кеткен. Содан бері хат-хабар жоқ.

– Бойы 180-185 см, арықша келген, шашы қысқа әрі қара түсті, көзі қоңыр. Үстінде қара түсті спорттық костюм болған, — делінген хабарламада.

Алматы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

– Медеу аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша іздестіру жұмыстарын бастады. Қазіргі таңда ер адамды іздеуге бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр, — деді ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек Kazinform тілшісіне.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика