Иранның солтүстігіндегі бірнеше аймақ пен астанасы Тегеран қаласында жаппай жарық сөнді, ресми билік мұны АҚШ пен Израильдің шабуылымен байланыстырды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Иранның Энергетика министрлігі оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Бірнеше минут бұрын АҚШ пен Израильдің шабуылы салдарынан Тегеран провинциясындағы электр станциялары зақымданды. Соның кесірінен Тегеран қаласы мен Альборз провинциясының кейбір аудандарында электр қуаты сөндірілді. Энергетика министрлігінің мамандары мәселені шешуге кірісті», — делінген ведомство хабарламасында.
Кейінірек жарықтың сөнуіне Альборз провинциясындағы жоғары вольтты бағанаға жарылған снаряд сынығының тиюі себеп болғаны анықталды. Салдарынан Душантепе электр станциясы зақымданып, Тегеран мен Кередж қалаларында апаттық жағдай тіркелген.
Иран Энергетика министрінің орынбасары Мостафа Раджаби-Машхадидің айтуынша, Тегеранда электр энергиясын беру бірнеше сағат ішінде қалпына келтіріледі.
Фото: Әлеуметтік желіден
