3,6 млрд теңгелік казино: танымал блогер «Ильярчикке» іздеу жарияланды

«Ильярчик» (andersonchik1) лақап атымен танымал қазақстандық блогер Ильяр Ювашевке заңсыз интернет-казино ісіне қатысты мемлекетаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, блогер ел аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға көмектесті деген күдікке ілінген. Тергеу деректері бойынша, Ювашев 2024-2025 жылдары интернет-казино желісін құрып, оны басқаруға атсалысқан.

Қылмыстық топ қаржылық операцияларды жасырып, ақша ағынын заңдастыру үшін күрделі схема қолданған.

«Қаржылық ағындарды заңдастыру және операцияларды жасыру үшін 22 жалған заңды тұлға тіркелген. Сондай-ақ POS-терминалдар мен электрондық төлем құралдары арқылы ойыншылардан жалпы сомасы 3,6 миллиард теңгеден астам қаражат қабылданған», – деп хабарлады агенттік.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика