Бестөбедегі кеніш: тағы бір заңсыз алтын іздеуші опат болды

Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде орналасқан кеніште тағы да қайғылы оқиға тіркелді: үш заңсыз алтын іздеушіні үйінді басып қалып, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Nayza Kokshe басылымының дерегінше, оқиға 23 наурыз күні «Қазақалтын» ЖШС-не қарасты «Новая» шахтасында болған. Жер астында заңсыз алтын іздеп жүрген үш адамды топырақ басып қалған.

Зардап шеккендер – Степногорск қаласының 19 жастағы тұрғыны мен Астанадан келген 22 жастағы жігіт. Екеуі де басынан ауыр жарақат алып, жамбас сүйектері сынған. Ал үшінші азамат үйінді астында қалып, оқиға орнында мерт болды.

Ақмола облыстық Полиция департаменті бұл деректі растады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

Айта кетейік, наурыз айының басында дәл осы алтын өндіру кенішінде тағы бір заңсыз кенші қаза тапқан еді. Бестөбедегі заңсыз алтын өндіру мәселесі жылдар бойы шешімін таппай келеді.

Фото: Depositphotos

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика