Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Президент өңірге сапарын бүкіл түркі әлемінің рухани және тарихи-мәдени қасиетті ордаларының бірі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етуден бастады. Бұл тарихи кешен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген еліміздегі ең маңызды ескерткіштердің бірі болып саналады.
Қасым-Жомарт Тоқаев кесенеде ұлы ойшыл әрі рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және осында жерленген басқа да танымал тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады.
Фото: Ақорда
