Оқиға түнде Шалқар қаласында болған. Қазіргі кезде күдіктілер ұсталды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
– Жанжалға қатысқан барлық күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олардың іс-әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы бақылауда. Кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылмаған. Ес-түзсіз денені белгісіз адамдар ауруханаға апарған кезде дәрігерлер бозбаланың өлімін ғана тіркеп, полицияға хабар берген.
