Алматылық «Қайрат» футбол клубы принципиалды қарсыласы «Ақтөбені» минималды есеппен ұтты. Матч тағдырын ойын соңына қарай соғылған жалғыз гол шешті, деп хабарлайды Stan.kz Telegram арнасы.
Екі команда арасындағы кездесу тартысқа толы болды. Ойынның негізгі уақыты аяқталуға жақындағанда, есеп ашылмаған еді. Алайда матчтың 76-минутында «Қайраттың» ойыншысы Дастан Сәтпаев қорғаушылардың қателігін сәтті пайдаланып, «Ақтөбе» қақпасынан саңылау тапты.
Бұл – Сәтпаевтың осы маусымдағы алғашқы голы. Осы жеңісінің арқасында алматылық ұжым турнирлік кестедегі жағдайын жақсартып алды.
Фото: Әлеуметтік желіден
