АҚШ Мемлекеттік департаменті Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) он негізгі тұлғасы туралы ақпарат үшін 10 миллион доллар сыйақы тағайындады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
«Әділдік үшін сыйақы» (Rewards for Justice) бағдарламасы аясында іздеудегілердің тізімінде Иранның жаңа рухани көсемі болуы мүмкін деп саналатын Моджтаба Хаменеи де бар.
Америка билігі аталған тұлғаларды халықаралық лаңкестік әрекеттерді жоспарлауға және іске асыруға қатысы бар деп айыптайды.
Ислам революциясы сақшылар корпусын АҚШ 2019 жылы лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізген болатын. Сол себепті бұл құрылыммен кез келген ынтымақтастық қылмыс ретінде қарастырылады.
Фото: Әлеуметтік желіден
