Фото: sports.kz
Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуінен айырылды. Ұйымның хатына сәйкес, спортшы өз белбеуін 4 шілдеге дейін қорғауы керек болған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Алайда допинг дауына байланысты ол 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін шеттетілді.
Бұл туралы Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков жазды.
Айтуынша, спортшының командасы апелляциялық шағым түсірмек.
Айта кетері, орта салмақта WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлының қанынан допинг табылған болатын.
