9 наурызда Қазақстанның ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 500 теңгеге жақындады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Астанадағы ақша айырбастау пунктері АҚШ долларын 492 теңгеден сатып алып, 499 теңгеден сатуда. Еуроны сатып алу – 568,90 теңге, сату – 579 теңге. Ал Ресей рублі 6,15 теңгеден алынып, 6,45 теңгеден ұсынылып жатыр.
Еліміздің қаржы орталығы Алматыда доллар бағамы сәл өзгеше. Мұнда оны 492,94 теңгеден сатып алып, 495,36 теңгеден сатуға болады. Еуро бағамы: сатып алу – 571,62 теңге, сату – 577,10 теңге. Рубль 6,24-6,36 теңге аралығында саудалануда.
Шымкент қаласында долларды 493 теңгеден алып, 495,1 теңгеден сатуда. Еуроның құны 571,29 теңгеден (сатып алу) 577,40 теңгеге (сату) дейін жетеді. Рубль болса, 6,25-6,33 теңгеден сатылуда.
Демалыс күндеріне Ұлттық банк бекіткен ресми бағам мынадай: бір доллар – 493,85 теңге, еуро – 571,78 теңге, ал рубль – 6,25 теңге.
Фото: Әлеуметтік желіден
