Таяу Шығыстағы жағдай шиеленісе түсті: Біріккен Араб Әмірлігі Иран аумағына алғаш рет әуеден соққы жасады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Израильдің Ynet басылымы жазды. Басылымның мәліметінше, БАӘ әуе күштері Ирандағы тұщыландыру зауыттарының біріне зымыран ұшырған.
Сонымен қатар Ynet дереккөзі Араб Әмірлігінің Иранға ескерту жасағанын да атап өтті. Онда егер Иран шабуылдарын тоқтатпаса, БАӘ кең ауқымды әскери операцияға көшетіні айтылған.
Дегенмен, қазіргі уақытта бұл ақпаратты екі тарап та – Иран да, Біріккен Араб Әмірлігі де ресми түрде растаған жоқ.
Фото: Әлеуметтік желіден
