Фото: Видеодан алынған кадр
Қазақстандық танымал әнші Ақбота Керімбекова бала кезінен өзін мазалаған жеке сезімдері туралы айтып, жан сырын ақтарды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Өнер иесінің айтуынша, ол ата-анасының ажырасуын ауыр қабылдаған.
«Ата-анам екі жаққа кеткенде оңай болған жоқ. Әкем неге басқа әйелге кетті деп көп ойланатынмын. Анамда жалғыз құрсақ өзім. Еркелетіп, еркіндік беріп өсірді», деді ол.
