Атырауда туыстарын түгел қырып қашқан күдіктілер жуырда Индонезиядан қайтарылады

Фото: jurnalekbis.com

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атыраудағы отбасының өліміне күдікті ерлі-зайыпты шетелден елге қашан қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

«Жақын арада екі күдікті Индонезия мемлекетінен Қазақстанға жеткізіледі. Сол жұмысты біз белсенді түрде атқарып жатырмыз.  Осы айда алып келеміз. Іздестіруде жүрген екі адам (ред. – марқұмдардың ұлы мен қызы) бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Арнайы тергеу тобы құрылды, Атырау облысында қызмет атқарып жатыр», – деді вице-министр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика