Қазақстан өзге ел азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауға дайын

Фото: nur.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев айтты, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен ұшатын эвакуациялық рейстерде бос орын болған жағдайда өзге ел азаматтарын да алып кету мүмкіндігін қарастыруға дайын.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мұндай өтініштер түспеген.

– Азаматтар ең алдымен өздерінің дипломатиялық өкілдіктеріне жүгінеді. Алайда өтініш жасалған жағдайда және рейстерде бос орындар болса, біз көршілес мемлекеттердің азаматтарына көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Е.Жетібаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкілдің айтуынша, бүгінгі күнге дейін шиеленіс аймақтарынан 946 азамат аман-есен шығарылды. Жақында Оман астанасы Маскат қаласынан Алматыға 314 қазақстандық мінген рейс ұшып келеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика