Елена Рыбакина тағы бір титул жеңіп алды

Фото: Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық теннисші Тейлор Фритцпен жұптасып, аралас жұптар арасындағы «Эйзенхауэр кубогы» көрме турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Финалдық ойында Рыбакина мен Фритц америкалық спортшылар Аманда Анисимова мен Лёрнер Тьенге қарсы кортқа шықты. Тартысты өткен матчта қазақстандық теннисші мен оның серіктесі 10:7 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атақты иеленді.

Осылайша Рыбакина мен Фритц өткен жылғы жетістігін қайталап, «Эйзенхауэр кубогындағы» титулдарын сәтті қорғап қалды. Айта кетейік, турнир жеңімпаздарына 200 мың доллар көлемінде жүлде қоры табысталды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика