Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген жас спортшы Михаил Шайдоровқа уәде еткен бағалы сыйлығын табыстады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Өнер иесі спортшыны елге аман-есен оралуымен құттықтап, оған Hyundai Palisade көлігінің кілтін ресми түрде ұсынды.
«Бұл сыйлықты өз атымнан ғана емес, Михаилдің жеңісімен қуанып, мерейі үстем болған барша қазақстандықтардың атынан табыстап отырмын», — деді Димаш Құдайберген.
Сонымен қатар Димаш Михаил Шайдоровқа зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат тілеп, алдағы жарыстарда жаңа рекордтар бағындыруына сенім білдірді.
Көлікті табыстау сәтінен видео мен құттықтау жазбасы әлеуметтік желілерде жарияланды.
Фото: Әлеуметтік желіден
