Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сербия Президенті Александр Вучич келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшыларының қатысуымен екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған 10 ведомствоаралық құжат алмасу рәсімі өтті.
Атап айтқанда, тараптар денсаулық сақтау, әділет саласындағы серіктестік (Бас прокуратура мен Әділет министрлігі арасында), сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект бағыттары бойынша келісімге келді.
Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығындағы ветеринария, ғылым мен жоғары білім, мәдениет (кино және материалдық емес мұра) салаларында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.
Сондай-ақ «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы мен Сербияның даму агенттігі арасында инвестициялық ынтымақтастық, ал Мемлекеттік басқару академиясы мен Сербияның Дипломатиялық академиясы арасында мамандар даярлау жөнінде уағдаластық жасалды.
Фото: Ақорда
