Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне жеделхат жолдады «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне жеделхат жолдады

    «Түндер ұйқысыз өтіп жатыр»: Ақан Сатаевтың екінші әйелі жазба жариялады

    «Түндер ұйқысыз өтіп жатыр»: Ақан Сатаевтың екінші әйелі жазба жариялады
    Фото: almiratursyn инстаграм парақшасынан

    Қазақстандық актриса Альмира Тұрсын әлеуметтік желідегі парақшасында декреттік кезеңі мен қазіргі өмірі туралы жазба жариялап, оқырмандарына үн қатты. Ол біраз уақыт эфирде көрінбей кеткенін түсіндіріп, аналық өмірдің алғашқы кезеңіндегі әсерімен бөлісті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    «Баршаңызға сәлем! Бір ай ғана эфирде болмасам да, жүз жыл өткен сияқты әсер қалдырды. Қазір декреттік демалыстамын және әлеуметтік желіден де аздап демалып жүрмін», — деді ол.

    Сондай-ақ актриса өзін іздеп, жағдайын сұраған жандарға алғыс айтып, қазіргі тыныс-тіршілігі туралы баяндады.

    «Маған жазып, жағдайымды сұрап, тіпті уайымдаған әр адамға алғыс айтамын. Бізде бәрі жақсы, шүкір! Қазір тәтті күндерімізді бастан өткеріп жатырмыз: ұйқысыз түндер, іштің ауруы, режим мен емізуді реттеп жатырмыз. Кейде ұйқым қанса, кейде мүлде ұйықтай алмаймын, көп серуендеп, өзімді қалпына келтіріп жүрмін. Жалпы, бәріне төзіп, рахатын көріп жүрмін», — деп түйіндеді актриса.

    Айта кетейік, актриса елімізге белгілі режиссер Ақан Сатаевқа тұрмысқа шығып қызды болған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →