Намыстан өзін жазалаған: 17 жастағы қызының жүкті екенін білген анасы өз-өзін өртеп жіберді

Ыстықкөл облысының Ақ-Суу ауданында әйел өзіне өзі от қойып, көз жұмды, деп жазады QazaqToday.info ақпараттық порталы.

Мәліметке сәйкес, 25 ақпан күні милицияға 1985 жылы туған жергілікті тұрғын хабарласып, 2009 жылы туған қызының жүкті екенін, жүктіліктің 16-аптасында екенін айтқан. Құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған қыздан жауап алған. Алайда анасы тергеуге қатысудан бас тартып, қызы үшін адамдардың алдында ұялып отырғанын жеткізген. Сұрау салу аудандық отбасы және балаларды қорғау бөлімінің қызметкерінің қатысуымен жүргізілген.

Сол күні шамамен сағат 21:00-де жүкті қыздың анасы дүкенге барамын деген сылтаумен үйден шығып, үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеген. Kaktus.media жазуынша, ауыр күйік алған әйел ауруханада көз жұмды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика