Алматыда аншлаг: Мақпал Жүнісованың екі концертіне билет жетпей жатыр

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова жанкүйерлерімен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

Өнер иесінің жазуынша, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Алматыдағы Республика сарайы сахнасында өтетін екі бірдей жеке концертіне билеттер толықтай сатылып кеткен. Әнші бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, тыңдармандарына алғыс айтты.

«Аллаға мың шүкірлер, 8 наурыздағы екі концертке де билеттер өтіп кетіпті. Жанкүйерлеріме көп рақмет. Амандықта кездесейік, құрметті ағайын!» – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да бұл жаңалықты жылы қабылдап, концертті асыға күтетіндерін білдіріп жатыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика